Аккаунтқа кіру →
RU ҚАЗ
Ережелер
ЖҚЕ Белгілер Белгілеу Айыппұлдар Мед. көмек
Тестілеу
Сынақ тестілеу
Блог
Блог
← ЖҚЕ бөлімдері

20-тарау. Механикалық көлік құралдарын сүйрету

Сүйрету тіркеуді қолдана отырып немесе көлік құралының алдыңғы жағына арнаулы тірек құрылғысына сүйрететін көлік құралына асу жолымен немесе оны сүйрететін көлік құралына жартылай платформаға тиеу жолымен жүзеге асырылады.

Қатты немесе иілгіш тіркемемен сүйрету, қатты тіркеме конструкциясы сүйретілетін көлік құралы сүйретушінің траекториясы бойынша жүретін түзу сызықты жүруді қамтамасыз ететін жағдайлардан басқа кезде, тек сүйретілетін көлік құралында жүргізуші болған кезде ғана жүзеге асырылады.

Иілгіш тіркемемен сүйреткен кезде сүйретуші және сүйрелетін көлік құралдарының арасында төрт-алты метр шегінде, ал қатты тіркемемен сүйрету кезінде - төрт метрден аспайтын арақашықтық қамтамасыз етілуі тиіс. Байланыстыратын буындар Негізгі ережелердің тиісінше 12 және 13-тармақтарының талаптарын қанағаттандыруы тиіс.

Иілгіш немесе қатты тіркемемен сүйреткен кезде - сүйретілетін автобуста (троллейбуста) және сүйретілетін жүк автомобилінің шанағында жолаушылардың болуына, ал аспалы түрде немесе ішінара тиеу арқылы сүйреткен кезде сүйретілетін көлік құралының кабинасында немесе шанағында, сондай-ақ сүйретушінің шанағында жолаушылардың болуына тыйым салынады.

Мынадай жағдайларда:

рульмен басқаруы істемейтін көлік құралын (аспалы түрде немесе жартылай тиеу әдісімен сүйретуге жол беріледі);

екі және одан көп көлік құралын;

егер нақты массасы сүйрейтін көлік құралының нақты массасының жартысынан артық болса, тежеу жүйесі істемейтін көлік құралын сүйретуге тыйым салынады. Нақты массасы аз болған кезде мұндай көлік құралын қатты тіркемемен немесе ішінара тиеу әдісімен ғана сүйретуге жол беріледі;

қапталдағы тіркемесі жоқ мотоциклмен, сондай-ақ мұндай мотоциклді;

көктайғақта иілгіш тіркемемен сүйретуге тыйым салынады;

← Алдыңғы бөлім 19-тарау. Сыртқы жарық беру аспаптарын және дыбыстық сигналдарды пайдалану Келесі бөлім → 21-тарау. Жүргізіп үйрену
ЖҚЕ бөлімдері
1-тарау. Жалпы ережелер 2-тарау. Жүргізушілердің жалпы міндеттері 3-тарау. Жаяу жүргіншілердің міндеттері 4-тарау. Жолаушылардың міндеттері 5-тарау. Бағдаршамның және реттеушінің сигналдары 6-тарау. Арнаулы сигналдарды қолдану 7-тарау. Авариялық сигнал беру мен авариялық аялдау белгісін қолдану 8-тарау. Маневр жасау 9-тарау. Көлік құралдарын жолдың жүру бөліктерінде орналастыру 10-тарау. Жүріс жылдамдығы 11-тарау. Басып озу, қарсы келіп жол айырысу 12-тарау. Аялдау және тоқтап тұру 13-тарау. Жол қиылысынан жүріп өту 14-тарау. Жаяу жүргіншілер өткелдері және маршруттық көлік құралдарының аялдамалары 15-тарау. Теміржол жолдары арқылы жүру 16-тарау. Автомагистральдарда жүру 17-тарау. Тұрғын аймақтарда жүру 18-тарау. Маршруттық көлік құралдарының басымдығы 19-тарау. Сыртқы жарық беру аспаптарын және дыбыстық сигналдарды пайдалану 20-тарау. Механикалық көлік құралдарын сүйрету 21-тарау. Жүргізіп үйрену 22-тарау. Жолаушыларды тасымалдау 23-тарау. Жүктерді тасымалдау 24-тарау. Электр самокаттардың, велосипедтердің, шағын электр көлік құралдарының, ат арбалардың қозғалысы 25-тарау. Тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдардың жол жүрісін қамтамасыз ету 26-тарау. Жеткіліксіз көріну жағдайындағы көлік легіндегі қозғалыс 27-тарау. Адамдарға көлік құралдарын басқаруға рұқсат беру 28-тарау. Көлік құралдарын басқару құқығын алу шарттары 29-тарау. Көлік құралдарын басқару құқығын тоқтату 30-тарау. Жол пайдаланушыларға қатысты жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету 31-тарау. Тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдардың жол жүрісін қамтамасыз ету 32-тарау. А-қосымша: Көлік құралдарын пайдалануға жіберу негізгі ережелері 33-тарау. Б-қосымша: Көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынатын ақаулар тізімі 34-тарау. В-қосымша: Арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталатын қызметтер тізімі