58-бап. Тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдардың жол жүрісін және оларға қызмет көрсететін көлік құралдарының тұрақтарын ұйымдастыру
Тірек-қимыл аппараты бұзылған жүргізушілер немесе тірек-қимыл аппараты бұзылған немесе көру қабілетінен толық айырылған адамдарға қызмет көрсететін көлік құралдарының жүргізушілері басқаратын көлік құралдарына «Қоюға тыйым салынады», «Айдың тақ күндері қоюға тыйым салынады», «Айдың жұп күндері қоюға тыйым салынады» деген тыйым салатын жол белгілерінің күші қолданылмайды.
2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
Егер «Тұрақ орны» деген ақпараттық-нұсқағыш жол белгісімен «Мүгедектігі бар адамдар» деген қосымша ақпарат жол белгісі (тақтайша) орнатылған жағдайда, «Тұрақ орны» деген жол белгісінің күші «Мүгедектігі бар адам» деген таным белгілері орнатылған мотоколяскалар мен автомобильдерге ғана қолданылады.
Егер тыйым салатын не нұсқайтын жол белгілерімен «Мүгедектігі бар адамдардан басқа» деген қосымша ақпарат жол белгісі (тақтайша) орнатылған жағдайда, онда осы жол белгілерінің күші «Мүгедектігі бар адам» деген таным белгілері орнатылған мотоколяскалар мен автомобильдерге қолданылмайды.
59-бап. Тірек-қимыл аппараты бұзылған жүргізушілердің немесе тірек-қимыл аппараты бұзылған немесе көру қабілетінен толық айырылған адамдарға қызмет көрсететін көлік құралдары жүргізушілерінің арнайы құқықтары «Мүгедектігі бар адам» деген таным белгілері бар көлік құралдарын басқаратын тірек-қимыл аппараты бұзылған жүргізушілердің:
тұрған көлік құралы жаяу жүргіншілердің жүруі үшін ені кемінде бір жарым метр бос жолақ қалдырып, тротуарға толығымен орналасқан жағдайда елді мекендердегі тоқтауға немесе тоқтап тұруға тыйым салатын жол белгілері қолданылатын аймақта көлік құралын тоқтатуға және қоюға құқығы бар. Бұл қағида тоқтауға тыйым салатын жол таңбасымен белгіленген жол учаскелерінде қолданылмайды.
жаяу жүргіншілерге кедергі келтірмейтін және басқа да көлік құралдарын жол жүрісі мүмкіндігінен айырмайтын жағдайда тоқтап тұруға тыйым салатын жол белгілері қолданылатын аймақта, уақыты шектеулі тұрақ орындарында көзделген мерзімнен артық және тұрақ орындарының шегінен тыс аула аумағындағы жолдарда көлік құралын қоюға құқығы бар.
Тірек-қимыл аппараты бұзылған немесе көру қабілетінен толық айырылған адамдарға қызмет көрсететін көлік құралдарының жүргізушілері тірек-қимыл аппараты бұзылған немесе көру қабілетінен толық айырылған адамдарды отырғызу немесе түсіру үшін елді мекендердегі тоқтауға тыйым салатын жол белгілері қолданылатын аймақта көлік құралын тоқтатады.
Тірек-қимыл аппараты бұзылған немесе көру қабілетінен толық айырылған адамды қолынан жетектеп межелі жеріне және кері алып жүретін, тірек-қимыл аппараты бұзылған немесе көру қабілетінен толық айырылған адамға қызмет көрсететін көлік құралының жүргізушісі осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген жағдайларда елді мекендерде көлік құралын тоқтатады.