Аккаунтқа кіру →
RU ҚАЗ
Ережелер
ЖҚЕ Белгілер Белгілеу Айыппұлдар Мед. көмек
Тестілеу
Сынақ тестілеу
Блог
Блог
← ЖҚЕ бөлімдері

6-тарау. Арнаулы сигналдарды қолдану

Көк және (немесе) қызыл түсті жарқылдауық маягі іске қосылған жедел және арнайы қызметтің көлік құралдарының жүргізушілері кезек күттірмейтін қызметтік тапсырманы орындау кезінде, жол жүрісі қауіпсіздігі қамтамасыз етілген жағдайда осы Қағидалардың 5 (реттеушінің сигналдарынан басқа), 8-18- тараудың, осы Қағидаларға 1 және 3-қосымшалардың талаптарын орындамауы мүмкін. Қозғалысқа басқа қатысушылардың алдында басымдық алуы үшін мұндай көлік құралдарының жүргізушілері көк және (немесе) қызыл түсті жарқылдауық маяк пен арнаулы дыбыстық сигналды іске қосуы тиіс. Олар өздеріне жол берілгендігіне көз жеткізгеннен кейін ғана басымдықты пайдалана алады. Бұл құқықты Қағидалардың осы тармағында белгіленген жағдайларда жедел және арнаулы қызметтердің көлік құралдары ілесіп жүретін көлік құралдарының жүргізушілері де пайдаланады.

Көк және (немесе) қызыл түсті жарқылдақ маягі іске қосылған және арнаулы дыбыстық сигналы бар көлік құралдары жақындаған кезде жүргізушілер осы және олардың ілесіп жүруіндегі басқа көлік құралдарының кедергісіз өтіп кетуін қамтамасыз ету үшін жолды босатады.

Көк және (немесе) қызыл түсті жарқылдақ маягі іске қосулы тоқтап тұрған көлік құралдарына жақындаған кезде жүргізуші қажет болған жағдайда дереу тоқтатуға мүмкіндік болуы үшін жылдамдықты азайтады.

Құрылыс, жөндеу немесе жинау жұмыстарын орындау кезінде іске қосылған қызғылт сары немесе сары түсті жарқылдауық маягі бар, жеке меншік күзет ұйымдарының жедел ден қою ұтқыр топтарының, жолдағы көліктік бақылау органдарының көшпелі бақылау-өткізу пункттерінің, инкассация қызметтерінің мамандандырылған көлік құралдарының, ұйымдасқан велосипедшілер топтарымен бірге жүретін, өсімдіктер және жануарлар дүниесін қорғау саласындағы құқық бұзушылықтарға жол бермеу жөніндегі қызметті атқаратын көлік құралдарының жүргізушілері жол жүрісі қауіпсіздігі қамтамасыз етілген жағдайда жол белгілері (осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес 2.2, 2.4 - 2.6, 3.11 - 3.14, 3.17.2, 3.20 белгілерінен басқа) мен таңбаларының, сондай-ақ осы Қағидалардың 9-тарауы 63, 64, 65, 66 және 67-тармақтарының және 16-тарауы 118-тармағының талаптарын орындамауы мүмкін. Басқа көлік құралдарының жүргізушілері олардың жұмысына кедергі жасамауға тиіс.

← Алдыңғы бөлім 5-тарау. Бағдаршамның және реттеушінің сигналдары Келесі бөлім → 7-тарау. Авариялық сигнал беру мен авариялық аялдау белгісін қолдану
ЖҚЕ бөлімдері
1-тарау. Жалпы ережелер 2-тарау. Жүргізушілердің жалпы міндеттері 3-тарау. Жаяу жүргіншілердің міндеттері 4-тарау. Жолаушылардың міндеттері 5-тарау. Бағдаршамның және реттеушінің сигналдары 6-тарау. Арнаулы сигналдарды қолдану 7-тарау. Авариялық сигнал беру мен авариялық аялдау белгісін қолдану 8-тарау. Маневр жасау 9-тарау. Көлік құралдарын жолдың жүру бөліктерінде орналастыру 10-тарау. Жүріс жылдамдығы 11-тарау. Басып озу, қарсы келіп жол айырысу 12-тарау. Аялдау және тоқтап тұру 13-тарау. Жол қиылысынан жүріп өту 14-тарау. Жаяу жүргіншілер өткелдері және маршруттық көлік құралдарының аялдамалары 15-тарау. Теміржол жолдары арқылы жүру 16-тарау. Автомагистральдарда жүру 17-тарау. Тұрғын аймақтарда жүру 18-тарау. Маршруттық көлік құралдарының басымдығы 19-тарау. Сыртқы жарық беру аспаптарын және дыбыстық сигналдарды пайдалану 20-тарау. Механикалық көлік құралдарын сүйрету 21-тарау. Жүргізіп үйрену 22-тарау. Жолаушыларды тасымалдау 23-тарау. Жүктерді тасымалдау 24-тарау. Электр самокаттардың, велосипедтердің, шағын электр көлік құралдарының, ат арбалардың қозғалысы 25-тарау. Тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдардың жол жүрісін қамтамасыз ету 26-тарау. Жеткіліксіз көріну жағдайындағы көлік легіндегі қозғалыс 27-тарау. Адамдарға көлік құралдарын басқаруға рұқсат беру 28-тарау. Көлік құралдарын басқару құқығын алу шарттары 29-тарау. Көлік құралдарын басқару құқығын тоқтату 30-тарау. Жол пайдаланушыларға қатысты жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету 31-тарау. Тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдардың жол жүрісін қамтамасыз ету 32-тарау. А-қосымша: Көлік құралдарын пайдалануға жіберу негізгі ережелері 33-тарау. Б-қосымша: Көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынатын ақаулар тізімі 34-тарау. В-қосымша: Арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталатын қызметтер тізімі