Мыналар көлік құралдарын басқару құқығын тоқтатуға негіздер болып табылады:
жүргізуші куәлігі қолданысының белгіленген мерзімінің өтуі;
медициналық қорытындымен расталған, көлік құралдарын қауіпсіз басқаруға кедергі келтіретін жүргізуші денсаулығының нашарлауы. Механикалық көлік құралы жүргізушісін қайта медициналық қарап тексеруге мерзімінен бұрын жіберу көлік құралын басқару құқығын тоқтата тұруға негіз болып табылады;
жүргізушіні жол жүрісі қағидаларын білуін тексеруге жіберу туралы қаулыны алған күннен бастап екі ай ішінде жол жүрісі қағидаларын білуін тексеруге арналған емтиханды тапсырмау;
көлік құралдарын басқару құқығынан айыру;
Көлік құралын басқару құқығы тоқтатылған кезде:
осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген негіз бойынша - медициналық қарап тексеруден өткеннен кейін;
осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген негіз бойынша - егер көлік құралдарын басқару құқығын тоқтатудың себебі жойылатын болса, сот шешімі бойынша;
осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген негіз бойынша - осы Заңның 73-бабында белгіленген тәртіппен;
осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген негіз бойынша қайта медициналық қарап тексеруден, емтихан тапсырғаннан және көлік құралын басқару құқығынан айыру мерзімі өткеннен кейін осы құқық қайта қалпына келтіріледі.
Жауаптылық шаралары ретінде көлік құралдарын басқару құқығынан айыруға не осындай құқықты шектеуге әкеп соғатын құқық бұзушылықтардың түрлері Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленеді.