Жолдарда тек мемлекеттік тіркеуден өткен және жарамды техникалық күйдегі көлік құралдарының жүруіне рұқсат етіледі.
Көлік құралдары жолдың жүру бөлігімен тек осы Заңның талаптарына және жол жүрісі қағидаларына сәйкес қозғалады.
Жолдарда:
жолдың жүру бөлігінде және тротуарда материалдарды жинап қоюға, оларды және заттарды сақтауға;
тұрақты және уақытша кіретін және шығатын жерлерді, басқа жолдармен қосылыстар және қиылыстар жасауға;
жолдың жүру бөлігіне кедергілер, шлагбаумдар орнатуға және басқа да тәсілдермен көлік құралдарының жол жүрісіне бөгет жасауға;
жол қызметінің, сыртқы (көрнекі) жарнаманың, полиция, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау, кедендік, шекаралық, көліктік бақылау бекеттерінің, ветеринариялық және фитосанитариялық бақылау бекеттерінің нұсқағыштарын қоспағанда, бұру жолағында жол жүрісіне жатпайтын белгілер, нұсқағыштар орнатуға;
әрбір бағытта көлік құралдарының жол жүрісі үшін жолдың бөлек жүру бөліктері болмаған және әртүрлі деңгейлерде жолдардың қиылыстары жайластырылмаған кезде көлік құралы қозғалысының жылдамдығын сағатына бір жүз километрден асатын етіп белгілеуге;
автомобильдердің, тракторлардың, басқа да өздігінен жүретін және тіркемелі көлік құралдарының зауыттық сынақтарын жүргізуге;
2024.03.10. № 130-VІІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 4 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
схемалар мен маршруттарды уәкілетті органмен келіспей бұқаралық, спорттық және өзге де іс-шаралар өткізуге тыйым салынады.
Автомагистральдарда жаяу жүргіншілердің, сондай-ақ көлiк құралынан тыс жерде үй жануарларының болуына тыйым салынады.