Аккаунтқа кіру →
RU ҚАЗ
Ережелер
ЖҚЕ Белгілер Белгілеу Айыппұлдар Мед. көмек
Тестілеу
Сынақ тестілеу
Блог
Блог
← ЖҚЕ бөлімдері

10-тарау. Жүріс жылдамдығы

Жүргізуші көлік құралын белгіленген шектеуден аспайтын жылдамдықпен, мұндайда жүріс үдемелілігін, көлік құралы мен жүктің ерекшелігін және жай-күйін, жүру бағытындағы көрінуге қатысты жол және метеорологиялық жағдайларды ескере отырып жүргізеді. Жылдамдық жүргізушіге осы Қағидалардың талаптарын орындау үшін көлік құралының жүрісіне тұрақты түрде бақылау жасауына мүмкіндік беруін қамтамасыз етеді. Жүруге жүргізуші анықтай алатындай кедергі және (немесе) қауіп туған жағдайда, ол жылдамдықты тоқтатуға дейін азайтуға немесе жол жүрісіне басқа қатысушылар үшін қауіп төндірмей, кедергіні айналып өтуге шаралар қолданады.

Елді мекендерде:

Елді мекендерден тыс мыналарға:

жеңіл автомобильдерге және мотоциклдерге автомагистральдарда осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес 3.24 тиісті жол белгісімен белгіленген, бірақ сағатына 140 километрден аспайтын, бөлу жолағы бар жолдарды сағатына 110 километрден аспайтын, қалған жолдарда сағатына 100 километрден аспайтын;

рұқсат етілген ең жоғары массасы 3,5 тоннадан аспайтын жүк автомобильдеріне, қалааралық автобустарға, шағын автобустарға автомагистральдарда - сағатына 110 километрден аспайтын, бөлу жолағы бар жолдарды сағатына 100 километрден аспайтын, қалған жолдарда - сағатына 90 километрден аспайтын;

басқа автобустарға, оның ішінде балалар топтарын ұйымдастырылған түрде тасымалдауды жүзеге асыратын, тіркеме сүйреткен кезде жеңіл автомобильдерге, рұқсат етілген ең жоғары массасы 3,5 асатын жүк автомобильдеріне автомагистральдарда сағатына 90 километрден аспайтын, бөлу жолағы бар жолдарда сағатына 80 километрден аспайтын, қалған жолдарда сағатына 70 километрден аспайтын жылдамдықпен жүруге рұқсат етіледі.

Көлік құралдарының жылдамдығы:

жүк автомобилінің шанағында жолаушыларды тасымалдау кезінде - сағатына 60 километрден;

механикалық көлік құралдарын сүйреткен кезде - сағатына 50 километрден;

қауіпті, ауыр салмақты және ірі көлемді жүктерді тасымалдау шарттарын келіскен кезде - белгіленген көлемнен аспауы тиіс.

Жүргізушіге:

белгіленген тәртіппен айқындалған ең жоғары жылдамдықтан асыруға; Көлік құралының барынша көп қозғалыс жылдамдығын асыру автоматты режимде жұмыс істейтін сертификатталған арнайы бақылау-өлшеу техникалық құралдарымен және аспаптармен көлік құралының орташа қозғалыс жылдамдығын тіркеу немесе есептеу арқылы анықталады.

көлік құралының техникалық сипаттамасында айқындалған ең жоғары жылдамдықтан асыруға;

көлік құралына орнатылған «Жылдамдықты шектеу» таным белгісінде көрсетілген жылдамдықтан асыруға (осы жерде және бұдан кейін таным белгілері Негізгі ережелерге сәйкес көрсетіледі).

жол қозғалысының басқа қатысушыларына кедергі келтіруге;

егер бұл жол-көлік оқиғасын болғызбау үшін қажет етілмесе, кілт тоқтауға тыйым салынады.

← Алдыңғы бөлім 9-тарау. Көлік құралдарын жолдың жүру бөліктерінде орналастыру Келесі бөлім → 11-тарау. Басып озу, қарсы келіп жол айырысу
ЖҚЕ бөлімдері
1-тарау. Жалпы ережелер 2-тарау. Жүргізушілердің жалпы міндеттері 3-тарау. Жаяу жүргіншілердің міндеттері 4-тарау. Жолаушылардың міндеттері 5-тарау. Бағдаршамның және реттеушінің сигналдары 6-тарау. Арнаулы сигналдарды қолдану 7-тарау. Авариялық сигнал беру мен авариялық аялдау белгісін қолдану 8-тарау. Маневр жасау 9-тарау. Көлік құралдарын жолдың жүру бөліктерінде орналастыру 10-тарау. Жүріс жылдамдығы 11-тарау. Басып озу, қарсы келіп жол айырысу 12-тарау. Аялдау және тоқтап тұру 13-тарау. Жол қиылысынан жүріп өту 14-тарау. Жаяу жүргіншілер өткелдері және маршруттық көлік құралдарының аялдамалары 15-тарау. Теміржол жолдары арқылы жүру 16-тарау. Автомагистральдарда жүру 17-тарау. Тұрғын аймақтарда жүру 18-тарау. Маршруттық көлік құралдарының басымдығы 19-тарау. Сыртқы жарық беру аспаптарын және дыбыстық сигналдарды пайдалану 20-тарау. Механикалық көлік құралдарын сүйрету 21-тарау. Жүргізіп үйрену 22-тарау. Жолаушыларды тасымалдау 23-тарау. Жүктерді тасымалдау 24-тарау. Электр самокаттардың, велосипедтердің, шағын электр көлік құралдарының, ат арбалардың қозғалысы 25-тарау. Тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдардың жол жүрісін қамтамасыз ету 26-тарау. Жеткіліксіз көріну жағдайындағы көлік легіндегі қозғалыс 27-тарау. Адамдарға көлік құралдарын басқаруға рұқсат беру 28-тарау. Көлік құралдарын басқару құқығын алу шарттары 29-тарау. Көлік құралдарын басқару құқығын тоқтату 30-тарау. Жол пайдаланушыларға қатысты жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету 31-тарау. Тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдардың жол жүрісін қамтамасыз ету 32-тарау. А-қосымша: Көлік құралдарын пайдалануға жіберу негізгі ережелері 33-тарау. Б-қосымша: Көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынатын ақаулар тізімі 34-тарау. В-қосымша: Арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталатын қызметтер тізімі