💡
Ақ фондағы қала атауы бар белгі — сіз елді мекенге кіресіз, сол сәттен бастап елді мекендерге арналған барлық ережелер қолданылады (60 км/сағ және басқалары). Көк фондағы белгі — сіз жанынан өтесіз, елді мекен ережелері қолданылмайды. Есте сақтаңыз: ақ — ішінде, көк — жанында.
Тақырып бойынша ЖҚЕ
1.Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:
1.2.елді мекен - оған кіретін және шығатын жерлері осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес 5.22 - 5.25 белгілермен белгіленген құрылыс салынған аумақ; 18-1) жарық шағылыстыратын зат - жарық сәулесін көзге қайтрау мүмкіндігі бар арнайы материалдардан жасалған, жүргізушінің жақын жарық фаралары қосылғанда жүз елу метр және алыс жарық фаралары қосылғанда төрт жүз метр қашықтықта көрінуін қамтамасыз ететін зат, оның ішінде жарық шағылыстыратын киім, киімдегі жарық шағылыстыратын элемент;