Аккаунтқа кіру →
RU ҚАЗ
Ережелер
ЖҚЕ Белгілер Белгілеу Айыппұлдар Мед. көмек
Тестілеу
Сынақ тестілеу
Блог
Блог
← ЖҚЕ бөлімдері

21-тарау. Жүргізіп үйрену

Көлік құралын жүргізуді бастапқы үйрену жабық алаңдарда немесе автодромда жүргізілуі тиіс.

Жолдарда жүргізіп үйрену тек қана үйретушімен және үйренушінің бастапқы басқару дағдылары болған кезде, механикалық көлік құралында жолаушылар болмағанда ғана жүзеге асырылады.

Үйретушінің өзімен бірге тиісті біліктілік куәлігі, ол үйретуді жүргізетін сол санаттағы көлік құралын басқару құқығына жүргізуші куәлігі, ал үйренушінің - жеке басын куәландыратын құжаты және көлік құралын басқаруға қарсы айғақтардың жоқ екендігі туралы медициналық қорытындысы болады.

Жүргізуді үйренуге арналған механикалық көлік құралы Негізгі ережелердің 6-тармағының талаптарына сәйкес қосымша жабдықталады.

Жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдарда көлік құралын жүргізуге оқыту белгілеген тәртіппен уәкілетті органмен келісілген маршруттар бойынша және оқу процесінде жүргізуді үйрету шеберінің қатысуымен ғана жүзеге асырылады.

← Алдыңғы бөлім 20-тарау. Механикалық көлік құралдарын сүйрету Келесі бөлім → 22-тарау. Жолаушыларды тасымалдау
ЖҚЕ бөлімдері
1-тарау. Жалпы ережелер 2-тарау. Жүргізушілердің жалпы міндеттері 3-тарау. Жаяу жүргіншілердің міндеттері 4-тарау. Жолаушылардың міндеттері 5-тарау. Бағдаршамның және реттеушінің сигналдары 6-тарау. Арнаулы сигналдарды қолдану 7-тарау. Авариялық сигнал беру мен авариялық аялдау белгісін қолдану 8-тарау. Маневр жасау 9-тарау. Көлік құралдарын жолдың жүру бөліктерінде орналастыру 10-тарау. Жүріс жылдамдығы 11-тарау. Басып озу, қарсы келіп жол айырысу 12-тарау. Аялдау және тоқтап тұру 13-тарау. Жол қиылысынан жүріп өту 14-тарау. Жаяу жүргіншілер өткелдері және маршруттық көлік құралдарының аялдамалары 15-тарау. Теміржол жолдары арқылы жүру 16-тарау. Автомагистральдарда жүру 17-тарау. Тұрғын аймақтарда жүру 18-тарау. Маршруттық көлік құралдарының басымдығы 19-тарау. Сыртқы жарық беру аспаптарын және дыбыстық сигналдарды пайдалану 20-тарау. Механикалық көлік құралдарын сүйрету 21-тарау. Жүргізіп үйрену 22-тарау. Жолаушыларды тасымалдау 23-тарау. Жүктерді тасымалдау 24-тарау. Электр самокаттардың, велосипедтердің, шағын электр көлік құралдарының, ат арбалардың қозғалысы 25-тарау. Тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдардың жол жүрісін қамтамасыз ету 26-тарау. Жеткіліксіз көріну жағдайындағы көлік легіндегі қозғалыс 27-тарау. Адамдарға көлік құралдарын басқаруға рұқсат беру 28-тарау. Көлік құралдарын басқару құқығын алу шарттары 29-тарау. Көлік құралдарын басқару құқығын тоқтату 30-тарау. Жол пайдаланушыларға қатысты жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету 31-тарау. Тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдардың жол жүрісін қамтамасыз ету 32-тарау. А-қосымша: Көлік құралдарын пайдалануға жіберу негізгі ережелері 33-тарау. Б-қосымша: Көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынатын ақаулар тізімі 34-тарау. В-қосымша: Арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталатын қызметтер тізімі