Аккаунтқа кіру →
RU ҚАЗ
Ережелер
ЖҚЕ Белгілер Белгілеу Айыппұлдар Мед. көмек
Тестілеу
Сынақ тестілеу
Блог
Блог
← ЖҚЕ бөлімдері

26-тарау. Жеткіліксіз көріну жағдайындағы көлік легіндегі қозғалыс

Көлік құралдары жедел көлік құралдарымен ілесіп жүретін жағдайларды қоспағанда, лектегі қозғалыс жолдың жүру бөлігінің оң жақ шетіне мүмкіндігінше жақын бір қатарда ғана қозғалуы тиіс. Лекте оннан астам көлік құралдары қозғалған кезде, оларды көк түсті жарқылдауық маяк немесе көк және қызыл түсті жарқылдауық маяктары қосылған екіден аз емес көлік құралдары ілесіп жүреді (жетекші және соңындағы).

Лектің қозғалыс жылдамдығы мен көлік құралдарының арасындағы қашықтық осы Қағидалардың талаптарына сәйкес лектің аға қызметкерімен немесе бастапқы көліктің қозғалыс режимімен белгіленеді. Жедел көлік құралдарымен ілесіп жүрмейтін кезде лек топтарға бөлінеді (әр топта бес көлік құралынан көп емес), арақашықтықтары топты басқа көлік құралдары басып озатындай мүмкіндікті қамтамасыз етуі керек.

Лек жолда тоқтағанда барлық көлік құралдарында авариялық сигнал қосылады.

Лек қатысушысы жетекші мен соңындағының талаптарын орындайды.

Лек қатысушысы қауіпсіз арақашықтықты сақтайды.

Мәжбүрлі аялдауды қоспағанда, жүру схемасын бұзуға, соның ішінде басқа қатысушыларды басып озуға, сондай-ақ лектен шығуға және өз бетінше тоқтауға рұқсат етілмейді.

Қозғалыс бастамас бұрын лек қатысушылары қозғалтқыштарын және жақын жарық фараларын немесе күндізгі жүру шамдарын қосулары тиіс. Дайын болмағанда, лек қатысушысы лектің соңындағыға хабардар етеді. Лек соңындағы лек шығуы тиіс жолақты жауып, лек қозғалысының басталуына ештеңе кедергі келтірмейтініне көз жеткізуі тиіс, содан кейін жетекшіге қозғалысты бастауға рұқсат беруі керек. Соңындағыдан рұқсат алғаннан кейін лек жетекшісі дыбыстық сигнал беріп, қозғалысты бастайды. Қалған лекке қатысушылар жетекшінің артынан қозғалысты бастайды. Соңғысы лектің ақырғы мүшесі шыққаннан кейін ғана лекке қосылады.

Аялдау мақсатында жетекші тежеу сигналын береді және оңға бұрылу сигналын қосады. Жетекші жылдамдықты төмендетіп, жол жиегіне түсіп, жолға параллель тоқтайды. Лек қатысушылары жетекшінің артынан жол жиегіне шығып, қашықтықты және құрылыс схемасын сақтай отырып, тоқтайды.

Автотұраққа кіру кезінде лектегі қатысушы кіреберісте тоқтап, алдында келе жатқан көлік құралы тұраққа маневрін аяқтағаннан кейін ғана қозғалысын қайта жалғастырады.

Авариялық тоқтау қажет болған жағдайда лек қатысушы бұл туралы жетекшіге дауыстап, ыммен, байланыс құралдары арқылы хабарлайды және (немесе) фараның алыс жарығымен және дыбыс сигналымен қосымша сигнал береді, содан кейін көлік құралының жылдамдығын біртіндеп азайтып, толық тоқтайды.

Жол қиылыстарынан, теміржол өткелдері мен бағдаршамдардан осы Қағидалардың 15-тарауының тараптарын сақтай отырып, қажетті сигналдарды қолданып жүріп өтуі керек. Лек үзілгенде жағдайда соңындағы жетекшіге дауыстап, ыммен немесе байланыс құралдары арқылы дереу ескертеді. Жетекші ақпарат алғаннан кейін тоқтау немесе жылдамдықты өзгертіп не өзгертпей қозғалысты жалғастыру туралы шешім қабылдайды және бұл туралы соңғыға хабардар етеді. Соңғысы лекті қалпына келтірілген кезде бұл туралы жетекшіге хабардар етеді.

Лек қатысушылары лектің қалыпты қозғалысына кедергі келтіретін мән-жайлар туралы жетекшіге және (немесе) соңындағыға уақтылы хабарлауға тиіс. Жол жүрісі қағидаларына

← Алдыңғы бөлім 25-тарау. Тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдардың жол жүрісін қамтамасыз ету Келесі бөлім → 27-тарау. Адамдарға көлік құралдарын басқаруға рұқсат беру
ЖҚЕ бөлімдері
1-тарау. Жалпы ережелер 2-тарау. Жүргізушілердің жалпы міндеттері 3-тарау. Жаяу жүргіншілердің міндеттері 4-тарау. Жолаушылардың міндеттері 5-тарау. Бағдаршамның және реттеушінің сигналдары 6-тарау. Арнаулы сигналдарды қолдану 7-тарау. Авариялық сигнал беру мен авариялық аялдау белгісін қолдану 8-тарау. Маневр жасау 9-тарау. Көлік құралдарын жолдың жүру бөліктерінде орналастыру 10-тарау. Жүріс жылдамдығы 11-тарау. Басып озу, қарсы келіп жол айырысу 12-тарау. Аялдау және тоқтап тұру 13-тарау. Жол қиылысынан жүріп өту 14-тарау. Жаяу жүргіншілер өткелдері және маршруттық көлік құралдарының аялдамалары 15-тарау. Теміржол жолдары арқылы жүру 16-тарау. Автомагистральдарда жүру 17-тарау. Тұрғын аймақтарда жүру 18-тарау. Маршруттық көлік құралдарының басымдығы 19-тарау. Сыртқы жарық беру аспаптарын және дыбыстық сигналдарды пайдалану 20-тарау. Механикалық көлік құралдарын сүйрету 21-тарау. Жүргізіп үйрену 22-тарау. Жолаушыларды тасымалдау 23-тарау. Жүктерді тасымалдау 24-тарау. Электр самокаттардың, велосипедтердің, шағын электр көлік құралдарының, ат арбалардың қозғалысы 25-тарау. Тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдардың жол жүрісін қамтамасыз ету 26-тарау. Жеткіліксіз көріну жағдайындағы көлік легіндегі қозғалыс 27-тарау. Адамдарға көлік құралдарын басқаруға рұқсат беру 28-тарау. Көлік құралдарын басқару құқығын алу шарттары 29-тарау. Көлік құралдарын басқару құқығын тоқтату 30-тарау. Жол пайдаланушыларға қатысты жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету 31-тарау. Тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдардың жол жүрісін қамтамасыз ету 32-тарау. А-қосымша: Көлік құралдарын пайдалануға жіберу негізгі ережелері 33-тарау. Б-қосымша: Көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынатын ақаулар тізімі 34-тарау. В-қосымша: Арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталатын қызметтер тізімі