Тұрғын аймақтарда жаяу жүргіншілер тротуармен де, сол сияқты жолдың жүру бөлігімен де жүреді. Тұрғын аймақтарда жаяу жүргіншілер артықшылыққа ие, алайда олар көлік құралдарының жүруіне негізсіз кедергі келтірмеуге тиіс.
Тұрғын аймақта:
көлік құралдарының толассыз жүруіне;
жолдың жүру бөлігінен тыс жерде көлік құралының жүруіне;
жүргізіп үйренуге;
осы Қағидалардың 88-тармағының 5) тармақшасының ережелерін ескере отырып, қозғалтқышы жұмыс істеп тұрған электромобильдің тоқтап тұруын қоспағанда, қозғалтқышы жұмыс істеп тұрған күйде тоқтап тұруға;
рұқсат етілген ең жоғары массасы үш мың бес жүз килограмнан асатын жүк автомобильдерінің, автобустардың арнайы бөлінген әрі белгілермен және (немесе) таңбалармен белгіленген орындардан тыс тоқтап тұруына;
дыбыс сигналын беруге, музыканы қатты қосуға;
тротуарларда, көгалдарда, балалар және спорт алаңдарында тоқтап тұруға тыйым салынады.
Жүргізушілер тұрғын аймақтан шығу кезінде жол жүрісіне басқа қатысушыларға жол береді.
Осы бөлімнің талаптары, сондай-ақ аула аумақтарына да қолданылады.