Аккаунтқа кіру →
RU ҚАЗ
Ережелер
ЖҚЕ Белгілер Белгілеу Айыппұлдар Мед. көмек
Тестілеу
Сынақ тестілеу
Блог
Блог
← ЖҚЕ бөлімдері

14-тарау. Жаяу жүргіншілер өткелдері және маршруттық көлік құралдарының аялдамалары

Көлік құралының жүргізушісі өзінің жүру бағытындағы жолдың жүру бөлігін реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелі бойымен өтіп келе жатқан жаяу жүргіншілерге жол береді.

Егер көлік құралы реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелі алдында аялдаса немесе жүрісін баяулатса, көршілес жол жолағы бойымен жүруші басқа көлік құралдарының жүргізушілері аялдаған немесе жүрісін баяулатқан көлік құралының алдында жаяу жүргіншінің жоқ екендігіне көз жеткізгеннен кейін ғана жүрісін жалғастыра алады.

Реттелетін жаяу жүргіншілер өткелінде бағдаршамның рұқсат беретін сигналы іске қосылғанда, жүргізуші оның бағытындағы жолдың жүру бөлігін кесіп өтуді аяқтап қалған жаяу жүргіншіге жол береді.

Егер өзінен кейін жүргізушіні жаяу жүргінші өткелінде аялдауға мәжбүр ететін кептеліс пайда болса, жаяу жүргінші өткеліне шығуға тыйым салынады.

Барлық жағдайларда, оның ішінде жаяу жүргіншілер өткелінен тыс жерлерде де жүргізуші ақ түсті таяқпен сигнал берген көру қабілетінен толық айырылған жаяу жүргіншіні өткізеді.

Жүргізуші аялдамада тұрған маршруттық көлік құралына немесе одан (есік жағынан) келе жатқан жаяу жүргіншіге, егер көлікке отырғызу немесе түсіру жолдың жүру бөлігінде немесе онда орналасқан отырғызу алаңында жүзеге асырылатын болса, жаяу жүргіншілерге жол береді.

«Балаларды тасымалдау» деген таным белгісі бар тоқтап тұрған көлік құралына жақындағанда жүргізуші жылдамдықты азайтады, қажет болған жағдайда тоқтайды және балалар тобын өткізіп жібереді.

← Алдыңғы бөлім 13-тарау. Жол қиылысынан жүріп өту Келесі бөлім → 15-тарау. Теміржол жолдары арқылы жүру
ЖҚЕ бөлімдері
1-тарау. Жалпы ережелер 2-тарау. Жүргізушілердің жалпы міндеттері 3-тарау. Жаяу жүргіншілердің міндеттері 4-тарау. Жолаушылардың міндеттері 5-тарау. Бағдаршамның және реттеушінің сигналдары 6-тарау. Арнаулы сигналдарды қолдану 7-тарау. Авариялық сигнал беру мен авариялық аялдау белгісін қолдану 8-тарау. Маневр жасау 9-тарау. Көлік құралдарын жолдың жүру бөліктерінде орналастыру 10-тарау. Жүріс жылдамдығы 11-тарау. Басып озу, қарсы келіп жол айырысу 12-тарау. Аялдау және тоқтап тұру 13-тарау. Жол қиылысынан жүріп өту 14-тарау. Жаяу жүргіншілер өткелдері және маршруттық көлік құралдарының аялдамалары 15-тарау. Теміржол жолдары арқылы жүру 16-тарау. Автомагистральдарда жүру 17-тарау. Тұрғын аймақтарда жүру 18-тарау. Маршруттық көлік құралдарының басымдығы 19-тарау. Сыртқы жарық беру аспаптарын және дыбыстық сигналдарды пайдалану 20-тарау. Механикалық көлік құралдарын сүйрету 21-тарау. Жүргізіп үйрену 22-тарау. Жолаушыларды тасымалдау 23-тарау. Жүктерді тасымалдау 24-тарау. Электр самокаттардың, велосипедтердің, шағын электр көлік құралдарының, ат арбалардың қозғалысы 25-тарау. Тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдардың жол жүрісін қамтамасыз ету 26-тарау. Жеткіліксіз көріну жағдайындағы көлік легіндегі қозғалыс 27-тарау. Адамдарға көлік құралдарын басқаруға рұқсат беру 28-тарау. Көлік құралдарын басқару құқығын алу шарттары 29-тарау. Көлік құралдарын басқару құқығын тоқтату 30-тарау. Жол пайдаланушыларға қатысты жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету 31-тарау. Тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдардың жол жүрісін қамтамасыз ету 32-тарау. А-қосымша: Көлік құралдарын пайдалануға жіберу негізгі ережелері 33-тарау. Б-қосымша: Көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынатын ақаулар тізімі 34-тарау. В-қосымша: Арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталатын қызметтер тізімі