Аккаунтқа кіру →
RU ҚАЗ
Ережелер
ЖҚЕ Белгілер Белгілеу Айыппұлдар Мед. көмек
Тестілеу
Сынақ тестілеу
Блог
Блог
← ЖҚЕ бөлімдері

23-тарау. Жүктерді тасымалдау

Жүктерді тасымалдау осы мақсатқа арналған көлік құралдарымен және көлік құралдарының құрамдарымен жүзеге асырылуы тиіс. Автобустарда қол жүгін қоятын бөлімшеден тыс орында жүкті, оның ішінде қол жүгін тасымалдауға рұқсат етілмейді.

Тасымалданатын жүк пен жолаушылардың массасы, жүктемені осьтер бойынша бөліп орналастыру осы көлік құралы үшін жасаушы-кәсіпорын белгілеген көлемнен аспауы тиіс.

Жүргізуші жүруді бастар алдында және жүру кезінде олардың құлауынан, жүруге кедергі тудыруды болдырмаудан сақтану үшін олардың орналасуын, бекітілуін, жабылуын және жай-күйін бақылап отырады.

Жүк тасымалдауға мынадай жағдайларда, егер ол:

адамдарға қауіп төндірмейтіндей және мемлекеттік, қоғамдық немесе жеке мүлікке залал келтірмейтіндей етіп көлік құралында орналастырылса және қажет болған жағдайда бекітілсе;

жүргізушіге шолуды және көрінуді шектемесе;

басқаруды қиындатпаса және көлік құралының орнықтылығын бұзбаса;

көлік құралында болуға тиіс тоқтау сигналы мен бұрылу нұсқағыштарын, жарық шағылыстыратын құрылғыларды, мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін және тіркеу мемлекетінің айырым белгісін қоса алғанда, сыртқы жарық беру аспаптарын жауып тұрмаса немесе қолмен берілетін сигналдарды жауып тұрмаса;

алдын алуға болатын қолайсыздықтар жасамаса жол беріледі. Егер жүктің жай-күйі мен орналасуы аталған талаптарды қанағаттандырмаса, жүргізуші аталған тасымалдау ережелерінің бұзылуын жоюға, егер жою мүмкін болмаса - әрі қарай жүруді тоқтатуға міндетті.

Артынан және алдынан бір метр артық немесе бүйірден габариттік оттардың сыртқы шетінен 40 сантиметр артық шығып тұратын жүк немесе көлік құралының көлемінен шығып тұратын бөліктері «Ірі көлемді жүк» деген таным белгілермен, ал тәуліктің қараңғы уақытында және көріну жеткіліксіз жағдайларда, бұдан басқа, алдынан - фонарьмен немесе ақ түсті жарық шағылыстырғышпен, артта - фонарьмен немесе қызыл түсті жарық шағылыстырғышпен белгіленеді.

Ауыр салмақты, ірі көлемді және қауіпті жүктерді тасымалдау көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылуы тиіс. Көлік құралы қауіпті жүктерді тасымалдау кезінде - «Қауіпті жүк»; Негізгі ережелердің 9-тармағында көзделген жағдайларда - «Ұзын өлшемді көлік құралы» деген таным белгілерімен белгіленуі тиіс.

← Алдыңғы бөлім 22-тарау. Жолаушыларды тасымалдау Келесі бөлім → 24-тарау. Электр самокаттардың, велосипедтердің, шағын электр көлік құралдарының, ат арбалардың қозғалысы
ЖҚЕ бөлімдері
1-тарау. Жалпы ережелер 2-тарау. Жүргізушілердің жалпы міндеттері 3-тарау. Жаяу жүргіншілердің міндеттері 4-тарау. Жолаушылардың міндеттері 5-тарау. Бағдаршамның және реттеушінің сигналдары 6-тарау. Арнаулы сигналдарды қолдану 7-тарау. Авариялық сигнал беру мен авариялық аялдау белгісін қолдану 8-тарау. Маневр жасау 9-тарау. Көлік құралдарын жолдың жүру бөліктерінде орналастыру 10-тарау. Жүріс жылдамдығы 11-тарау. Басып озу, қарсы келіп жол айырысу 12-тарау. Аялдау және тоқтап тұру 13-тарау. Жол қиылысынан жүріп өту 14-тарау. Жаяу жүргіншілер өткелдері және маршруттық көлік құралдарының аялдамалары 15-тарау. Теміржол жолдары арқылы жүру 16-тарау. Автомагистральдарда жүру 17-тарау. Тұрғын аймақтарда жүру 18-тарау. Маршруттық көлік құралдарының басымдығы 19-тарау. Сыртқы жарық беру аспаптарын және дыбыстық сигналдарды пайдалану 20-тарау. Механикалық көлік құралдарын сүйрету 21-тарау. Жүргізіп үйрену 22-тарау. Жолаушыларды тасымалдау 23-тарау. Жүктерді тасымалдау 24-тарау. Электр самокаттардың, велосипедтердің, шағын электр көлік құралдарының, ат арбалардың қозғалысы 25-тарау. Тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдардың жол жүрісін қамтамасыз ету 26-тарау. Жеткіліксіз көріну жағдайындағы көлік легіндегі қозғалыс 27-тарау. Адамдарға көлік құралдарын басқаруға рұқсат беру 28-тарау. Көлік құралдарын басқару құқығын алу шарттары 29-тарау. Көлік құралдарын басқару құқығын тоқтату 30-тарау. Жол пайдаланушыларға қатысты жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету 31-тарау. Тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдардың жол жүрісін қамтамасыз ету 32-тарау. А-қосымша: Көлік құралдарын пайдалануға жіберу негізгі ережелері 33-тарау. Б-қосымша: Көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынатын ақаулар тізімі 34-тарау. В-қосымша: Арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталатын қызметтер тізімі