Аккаунтқа кіру →
RU ҚАЗ
Ережелер
ЖҚЕ Белгілер Белгілеу Айыппұлдар Мед. көмек
Тестілеу
Сынақ тестілеу
Блог
Блог
← Все знаки

7-тарау. Қосымша ақпарат белгілері (тақтайшалар)

Қосымша ақпарат белгiлерi (табличкалар) өздерi қолданылатын белгiлердi нақтылайды немесе шеттейдi.

«Расстояние до объекта».
7.1.1 Объектіге дейінгі арақашықтық

Белгіден қауіпті учаскенің, тиісті шектеу енгізу орнының немесе жүру барысы бойынша алдағы белгілі бір объектінің (орынның) басталуына дейінгі арақашықтықты көрсетеді.

«Расстояние до объекта».
7.1.2 Объектіге дейінгі арақашықтық

Егер жол қиылысының тікелей алдында 2.5 белгісі орнатылған жағдайда 2.4 белгісінен жол қиылысына дейінгі арақашықтықты көрсетеді.

«Расстояние до объекта».
7.1.3 Объектіге дейінгі арақашықтық

Жолдан тысқары тұрған объектіге дейінгі арақашықтықты көрсетеді.

«Расстояние до объекта».
7.1.4 Объектіге дейінгі арақашықтық

Жолдан тысқары тұрған объектіге дейінгі арақашықтықты көрсетеді.

«Зона действия».
7.2.1 Қолданылу аймағы

Белгілермен белгіленген жолдың қауіпті учаскесінің ұзындығын немесе тыйым салатын және ақпараттық-нұсқағыш белгілерді көрсетеді.

«Зона действия».  
7.2.2-6 Қолданылу аймағы

7.2.2 белгісі 3.27 - 3.30 тыйым салатын белгілердің қолданылу аймағын көрсетеді; 7.2.3 белгісі 3.27 - 3.30 белгілерінің қолданылу аймағының аяқталғанын көрсетеді; 7.2.4 белгісі жүргізушілерге олар 3.27 - 3.30 белгілерінің қолданылу аймағында екендігі туралы хабарлайды; 7.2.5, 7.2.6 белгілері алаңның, ғимарат фасадының және осыған ұқсастардың бір жағының бойында тоқтауға немесе тоқтап тұруға тыйым салу кезінде 3.27 - 3.30 белгілерінің бағытын және қолданылу аймағын көрсетеді.

«Направления действия».
7.3.1-3 Қолданылу бағыттары

Жол қиылысы алдында орнатылған белгілердің қолданылу бағытын немесе жолдың тікелей жанында тұрған таңбаланған объектілерге жүру бағытын көрсетеді.

«Вид транспортного средства».
7.4.1-8 Көлік құралының түрі

Белгінің күші қолданылатын көлік құралының түрін көрсетеді.

«Субботние, воскресные и праздничные дни».
7.5.1 Сенбі, жексенбі және мереке күндері

Белгі қолданылатын аптаның күндерін көрсетеді.

«Рабочие дни».
7.5.2 Жұмыс күндері

Белгі қолданылатын аптаның күндерін көрсетеді.

«Дни недели».
7.5.3 Апта күндері

Белгі қолданылатын аптаның күндерін көрсетеді.

«Время действия».
7.5.4 Қолданылу уақыты

Белгі қолданылатын тәуліктің уақытын көрсетеді.

«Время действия».
7.5.5-7 Қолданылу уақыты

Белгі қолданылатын аптаның күндері мен тәуліктің уақытын көрсетеді.

«Способ постановки транспортного средства на стоянку».
7.6.1-9 Көлік құралын тұраққа қоюдың тәсілі

Тұраққа қою тәсілдері мен орналасуы.

«Стоянка с неработающим двигателем».
7.7 Жұмыс істемейтін қозғалтқышпен тоқтап тұру

5.15 белгісімен белгіленген тұрақта қозғалтқышы жұмыс істемейтін көлік құралдарына ғана тоқтап тұруға рұқсат етілетіндігін көрсетеді.

«Платные услуги».
7.8 Ақылы қызмет көрсетулер

Қызмет тек қана ақыға ғана көрсетілетінін көрсетеді.

«Ограничение продолжительности стоянки».
7.9 Тоқтап тұрудың ұзақтығын шектеу

Көлік құралының 5.15 белгісімен белгіленген тұрақта болуының ең жоғары уақыт ұзақтығын көрсетеді.

«Место для осмотра автомобилей».
7.10 Автомобильдерді қарап тексеруге арналған орын

5.15 немесе 6.11. белгісімен таңбаланған алаңда эстакада немесе қарау шұңқыры бар екенін көрсетеді.

«Ограничение разрешенной максимальной массы».
7.11 Рұқсат етілген ең жоғары (толық) массаны шектеу

Белгінің рұқсат етілген ең жоғары (толық) массасы тақтайшада көрсетілгеннен асатын көлік құралдарына ғана қолданылатынын көрсетеді.

«Опасная обочина».
7.12 Қауіпті жиек жол

Жиек жол бойымен жүру қауіпті учаске туралы ескерту.

«Направление главной дороги».
7.13 Басты жолдың бағыты

Жол қиылысында басты жолдың бағытын көрсетеді.

«Полоса движения».
7.14 Жүру жолағы

Бөлігінің немесе бағдаршамның күші қолданылатын жүру жолағын көрсетеді.

«Слепые пешеходы».
7.15 Көру қабілетінен толық айырылған жаяу жүргіншілер

Жаяу жүргіншілердің өтпесін көру қабілетінен толық айырылған адамдардың пайдаланатынын көрсетеді. 1.20, 5.16.1, 5.16.2 белгілерімен және бағдаршаммен бірге қолданылады.

«Влажное покрытие».
7.16 Ылғалды жабын

Белгі жүру бөлігінің жабыны ылғал уақыт кезеңінде қолданылатынын көрсетеді.

«Инвалиды».
7.17 Мүгедектігі бар адамдар

5.15 белгісінің «мүгедектігі бар адам» деген айырым белгісі орнатылған мотоколяскалар мен автомобильдерге ғана қолданылатынын көрсетеді.

«Кроме инвалидов».
7.18 Мүгедектігі бар адамдардан басқа

Белгілердің қолданылуы «мүгедектігі бар адам» деген айырым белгісі орнатылған мотоколяскалар мен автомобильдерге қолданылмайтынын көрсетеді.

«Класс опасного груза».
7.19 Қауіпті жүк сыныбы

19433 МемСТ бойынша қауіпті жүктердің сынып (сыныптарының) нөмірін көрсетеді. 3.32, 4.9.1 - 4.9.3 белгілерімен қолданылады.

«Вид маршрутного транспортного средства».
7.4.8a Маршруттық көлік құралының түрі

«Вид маршрутного транспортного средства».
7.21.1 Маршруттық көлік құралының түрі

Табличкалар олар қолданылатын белгiнiң тiкелей астында орналастырылады. 7.2.2.-7.2.4., 7.13. табличкалары жүргiн бөлiктiң, жиектiң немесе тротуардың үстiндегi белгiлердiң жанында орналасуы кезiнде белгiнiң бүйiрiне орналастырылады.
Уақытша жол белгiлерi (көшiрiлетiн бағандағы) және стационарлық белгiлердiң мәндерi бiр-бiрiне қайшы келген жағдайда, жүргiзушiлер уақытша белгiлердi басшылыққа алуы тиiс.

← Алдыңғы бөлім 6-тарау. Сервис белгілері
Осы белгілерді білесің бе?
Сынақ тестте тексеріп көр
Тест тапсыру →