Аккаунтқа кіру →
RU ҚАЗ
Ережелер
ЖҚЕ Белгілер Белгілеу Айыппұлдар Мед. көмек
Тестілеу
Сынақ тестілеу
Блог
Блог
← Все знаки

3-тарау. Тыйым салатын белгілер

Тыйым салатын белгiлер қозғалысқа белгiлi бiр шектеулер енгiзедi немесе оларды жояды.
«Въезд запрещен»
3.1 Кіруге тыйым салынады

Осы бағытта барлық көлік құралдарының кіруіне тыйым салынады.

«Движение запрещено».
3.2 Жүруге тыйым салынады

Барлық көлік құралдарының жүруіне тыйым салынады.

«Движение механических транспортных средств запрещено».
3.3 Механикалық көлік құралдарының жүруіне тыйым салынады

«Движение грузовых автомобилей запрещено».
3.4 белгісі борттарында қиғаш ақ жолағы бар немесе адамдарды тасымалдауға арналған жүк автомобильдерінің жүруіне тыйым салмайды.

Запрещается движение грузовых автомобилей и составов транспортных средств с разрешенной максимальной массой более 3,5 т (если на знаке не указана масса) или с разрешенной максимальной массой более указанной на знаке, а также тракторов и самоходных машин. Знак 3.4 не запрещает движение грузовых автомобилей с наклонной белой полосой на бортах или предназначенных для перевозки людей.

«Движение мотоциклов запрещено».
3.5 Мотоциклдердің жүруіне тыйым салынады

Мотоциклдер мен мопедтердің жүруіне тыйым салынады.

«Движение тракторов запрещено».
3.6 Тракторлардың жүруіне тыйым салынады

Тракторлардың және өздігінен жүретін машиналардың жүруіне тыйым салынады.

«Движение с прицепом запрещено».
3.7 Движение транспортных средств с прицепом запрещено

Запрещается движение грузовых автомобилей и тракторов с прицепами любого типа, а также буксировка механических транспортных средств.

«Движение гужевых повозок запрещено».
3.8 Көлік-арбаның жүруіне тыйым салынады

Көлік-арбаның (шананың), мініс және жүк артылған малдардың жүруіне, сондай-ақ мал айдауға тыйым салынады.

«Движение на велосипедах запрещено».
3.9 Велосипедпен жүруге тыйым салынады

Велосипедтер, электр самокаттар және шағын электр көлігі құралдар жүруіне тыйым салынады.

«Движение пешеходов запрещено».
3.10 Жаяу жүргіншілердің жүруіне тыйым салынады

«Ограничение массы».
3.11 Массаны шектеу

Жалпы нақты массасы белгіде керсетілгеннен артық көлік құралдарының, оның ішінде көлік құралдары құрамдарының жүруіне тыйым салынады.

«Ограничение нагрузки на ось».
3.12 Оське түсетін жүктемені шектеу

Қандай болса да оське түсетін нақты жүктемесі белгіде көрсетілгеннен артық көлік құралдарының жүруіне тыйым салынады.

«Ограничение высоты».
3.13 Биіктікті шектеу

Габариттік биіктігі (жүкпен немесе жүксіз) белгіде көрсетілгеннен артық көлік құралдарының жүруіне тыйым салынады.

«Ограничение ширины».
3.14 Енді шектеу

Габариттік ені (жүкпен немесе жүксіз) белгіде көрсетілгеннен артық көлік құралдарының жүруіне тыйым салынады.

«Ограничение длины».
3.15 Ұзындықты шектеу

Габариттік ұзындығы (жүкпен немесе жүксіз) белгіде көрсетілгеннен артық көлік құралдарының (көлік құралдары құрамының) жүруіне тыйым салынады.

«Ограничение минимальной дистанции».
3.16 Ең төменгі дистанцияны шектеу

Олардың арасындағы дистанция белгіде көрсетілгеннен кем көлік құралдарының жүруіне тыйым салынады.

«Таможня».
3.17.1 Кеден

Кеден (бақылау пунктінің) жанында тоқтамай өтуге тыйым салынады.

«Опасность».
3.17.2 Қауіптілік

Жол-көлік оқиғаларына, аварияға немесе басқа қауіптіліктерге байланысты әрі қарай барлық көлік құралдарының жүруіне ерекшеліксіз тыйым салынады.

«Поворот направо запрещен».
3.18.1 Оңға бұрылуға тыйым салынады

«Поворот налево запрещен».
3.18.2 Солға бұрылуға тыйым салынады

«Разворот запрещен».
3.19 Кері бұрылуға тыйым салынады

«Обгон запрещен».
3.20 Басып озуға тыйым салынады

Сағатына 30 километрден кем жылдамдықпен жүріп келе жатқан жекелегендерден басқа, барлық көлік құралдарын басып озуға тыйым салынады.

«Конец зоны запрещения обгона».
3.21 Басып озуға тыйым салынатын аймақтың аяқталуы

«Обгон грузовым автомобилям запрещен».
3.22 Жүк автомобильдеріне басып озуға тыйым салынады

Рұқсат етілген ең жоғары массасы 3,5 т артық жүк автомобильдеріне, сағатына 30 километрден кем жылдамдықпен жүретін жекелегендерінен басқа, барлық көлік құралдарын басып озуға тыйым салынады. Тракторларға көлік-арба және велосипедтерден басқа барлық көлік құралдарын басып озуға тыйым салынады.

«Конец зоны запрещения обгона грузовым автомобилям».
3.23 Жүк автомобильдерінің басып озуына тыйым салынатын аймақтың аяқталуы

«Ограничение максимальной скорости».
3.24 Ең жоғары жылдамдықты шектеу

Белгіде көрсетілгеннен артық жылдамдықпен (км/сағ) жүруге тыйым салынады. Егер жолдың осы учаскесіне енгізілетін ең жоғары жылдамдықты шектеу алдыңғы учаскедегі қозғалыстың жол берілген жылдамдығынан 20 км/сағ. аса өзгеше болатын болса, бір-бірінен 100 метрден 150 метрге дейінгі арақашықтыққа алшақтатылған 3.24 белгілерін жүйелі орнату арқылы 20 км/сағ. аспайтын қадаммен жылдамдықты сатылап шектеу қолданылады. Жылдамдықты сатылап шектеу, егер белгілердің көрінуі кемінде 150 метр құраса, 5.22 белгісімен белгіленген елді мекендер алдында қолданылмайды.

«Конец зоны ограничения максимальной скорости».
3.25 Ең жоғары жылдамдық шектелетін аймақтың аяқталуы

«Подача звукового сигнала запрещена».
3.26 Дыбыстық сигнал беруге тыйым салынады

Сигнал жол-көлік оқиғаларын болдырмау үшін берілген жағдайлардан басқа дыбыс сигналын пайдалануға тыйым салынады.

«Остановка запрещена».
3.27 Тоқтауға тыйым салынады

Көлік құралдарының тоқтауына және тоқтап тұруына тыйым салынады.

«Стоянка запрещена».
3.28 Тоқтап тұруға тыйым салынады

Көлік құралдарының тоқтап тұруына тыйым салынады.

«Стоянка запрещена по нечетным числам месяца».
3.29 Айдың тақ күндері тоқтап тұруға тыйым салынады

«Стоянка запрещена по четным числам месяца».
3.30 Айдың жұп күндері тоқтап тұруға тыйым салынады

3.29 және 3.30 белгілерін бір мезгілде қолдану кезінде көлік құралдарының бір жақтан екіншісіне орын ауыстыру уақыты - сағат 19-дан 21-ге дейін.

«Конец зоны всех ограничений».
3.31 Барлық шектеулер аймағының аяқталуы

3.16, 3.20, 3.22, 3.24, 3.26 - 3.30 белгілерінің бірнешеуін бір мезгілде қолдану аймағының аяқталуы.

«Движение транспортных средств с опасными грузами запрещено».
3.32 Көлік құралдарының қауіпті жүктермен жүруіне тыйым салынады

«Қауіпті жүк» деген таным белгімен жабдықталған көлік құралдарының жүруіне тыйым салынады.

«Движение транспортных средств с взрывчатыми и легковоспламеняющимися грузами запрещено».
3.33 Көлік құралдарының жарылғыш және тез тұтанғыш жүктермен жүруіне тыйым салынады

«Қауіпті жүк» деген таным белгімен жабдықталған және 19433 МемСТ бойынша 1, 2.2 - 2.4, 3.1, 3.2, 5.2 сыныптардағы қауіпті жүктерін тасымалдауға арналған көлік құралдарының жүруіне тыйым салынады. 3.2 - 3.9, 3.32 және 3.33 белгілері тиісті көлік құралдары түрлерінің екі бағытта жүруіне тыйым салады. Мына белгілердің күші: 3.1 - 3.3, 3.18.1, 3.18.2, 3.19, 3.27 - маршруттық көлік құралдарына; 3.2 - 3.8 - белгіленген аймақта орналасқан кәсіпорындарға қызмет ететін, сондай-ақ белгіленген аймақта тұратын немесе жұмыс істейтін азаматтарға қызмет көрсететін немесе осы азаматтарға тиесілі көлік құралдарына. Мұндай жағдайларда көлік құралдары белгіленген аймаққа белгіленген жерге жақын жол қиылысынан кіруі немесе содан шығуы керек; 3.28 - 3.30 - таксометрі іске қосулы таксиге; 3.2, 3.3, 3.28-3.30 - бірінші және екінші топтағы, сондай-ақ тірек-қимыл аппараты бұзылған үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдар басқаратын немесе осындай мүгедектігі бар адамдарды тасымалдайтын көлік құралдарына. 3.18.1, 3.18.2 белгілерінің күші алдына белгі орнатылған жүру бөлігінің қиылысына қолданылады. 3.16, 3.20, 3.22, 3.24, 3.26 - 3.30 белгілері қолданылатын аймақтар белгі қойылған жерден бастап одан кейінгі жақын жол қиылысына дейін, ал елді мекендерде жол қиылысы жоқ болса - елді мекен аяқталғанға дейін қолданылады. Елді мекеннің алдына қойылған 5.22 белгісімен белгіленген 3.24 белгісінің күші осы белгіге дейін қолданылады. Белгілердің күші қолданылатын аймақ мынадай жағдайларда:

«Контроль».
3.17.3 Бақылау

Бақылау пункттері арқылы аялдаусыз жүруге тыйым салынады.

3.2-3.9, 3.32 және 3.33 белгiлерi тиiстi көлiк құралдары түрлерiнiң екi бағытқа қозғалуына тыйым салады.
Мына белгiлердiң күшi қолданылмайды:
3.1-3.3, 3.18.1, 3.18.2, 3.19, 3.27 - маршруттық көлiк құралдарына;
3.2-3.8 - белгiленген аймақта орналасқан кәсiпорындарға қызмет етедi, сондай-ақ белгiленген аймақта тұратын немесе жұмыс iстейтiн азаматтарға қызмет көрсетедi немесе солардың меншiгi. Мұндай жағдайларда көлiк құралдары белгiленген аймаққа белгiленген жерге жақын қиылыстан кiруi немесе содан шығуы керек;
3.28-3.30 - таксометрi iске қосылу таксиге;
3.2, 3.3, 3.28-3.30 - I және II топтағы мүгедектер басқаратын немесе осындай мүгедектердi тасымалдайтын көлiк құралдарына.
3.18.1, 3.18.2 белгiлерiнiң күшi жүрiс бөлiгiнiң алдына белгi қойылған қиылысына қолданылады.
3.16, 3.20, 3.22, 3.24, 3.26-3.30 белгiлерi қолданылатын аймақтар белгi қойылған жерден бастап жақын жердегi қиылысқа дейiн, ал елдi мекендерде қиылыс жоқ болса - елдi мекен аяқталғанға дейiн қолданылады. Жолға жанасып жатқан аумақтан шығатын жерде белгiлердiң күшi сақталады.
5.22 белгiсiмен белгiленген елдi мекеннiң алдына қойылған 3.24 белгiсiнiң күшi осы белгiге дейiн қолданылады.
Белгiлердiң күшi қолданылатын аймақ мынадай жағдайларда кiшiреуi мүмкiн:
7.2.1 табличкасын қолданумен 3.16 және 3.26 белгiлерi үшiн;
3.20, 3.22, 3.24 белгiлерi үшiн аймақтың соңына қойылғанда немесе 7.2.1 табличкасын қолданумен олардың күшi 3.21, 3.23, 3.25 белгiлерiне сәйкес келедi. 3.24 белгiсiнiң қолданылу аймағы 3.24 белгiсiн қозғалыстың ең жоғары жылдамдығының басқа мәнiмен кiшiреюi мүмкiн;
3.27-3.30 белгiлерi үшiн 7.2.3. табличкасымен 3.27-3.30 қайталама белгiлерiнiң немесе 7.2.2. табличкасын қолданумен олардың күшi жүретiн аймақтың соңында қойылғанда;
3.27 белгiсi 1.4 таңбасымен бiрге қолданылуы мүмкiн, ал 3.28 белгiсi - 1.10 таңбалауымен, мұндайда белгiлердiң қолданылу аймағы таңбалау сызығының ұзындығымен айқындалады.
3.10, 3.27 - 3.30 белгiлерiнiң күшi жолдың олар қойылған жағына ғана қолданылады.
← Алдыңғы бөлім 2-тарау. Басымдық белгілері Келесі бөлім → 4-тарау. Нұсқайтын белгілер
Осы белгілерді білесің бе?
Сынақ тестте тексеріп көр
Тест тапсыру →