тоқтауға тыйым салынған жерлерді белгілейді. Дербес немесе 3.27 белгісімен бірге қолданылады және жүру бөлігінің шетіне немесе бордюрдің үстіне салынады.
1.4 сызығының қолданысы маршруттық көлік құралдарына қолданылмайды.
тоқтап тұруға тыйым салынған жерлерді білдіреді. Дербес немесе 3.28 - 3.30. белгілерімен қоса қолданылады және жүру бөлігінің шетіне немесе бордюрдің жоғары жағына қойылады;
маршруттық көлік құралдарының аялдамаларын және такси тұрақтарын білдіреді;
қарама-қарсы бағыттағы көліктердің ағынын бөліп тұрады және жолдарда қауіпті жерлердегі жүру жолағының шекарасын белгілейді;
кіруге тыйым салынған жүру бөлігінің шекарасын белгілейді;
көлік құралдарының тұрақ орындарының шекарасын және автомагистральдарға жатқызылмаған жолдардың жүру бөлігінің шетін белгілейді.
1.1 - 1.3 сызықтарын кесіп өтуге тыйым салынады.
1.1 және 1.2 сызықтарын көлік құралының жол жиегіне тоқтауы үшін, ал 1.1 сызығын ерекшелік ретінде, егер оны бұл ерекшелікті қолданбай орындау мүмкін болмаса, кедергіні айналып өту кезінде кесіп өтуге жол беріледі.
(жалпақ тұтас сызық) - автомагистральдардағы жүру бөлігінің шетін білдіреді;
төрт және одан да көп жүру жолақтары бар жолдарда қарама-қарсы бағыттардың көлік ағындарын бөледі;
екі немесе үш жолағы бар жолдарда қарама-қарсы бағыттардағы көлік ағынын бөліп тұрады; бір бағытта жүруге арналған екі немесе одан көп жолақтар болған кезде жүру жолақтарының шекарасын білдіреді;
(жақындау сызығы - штрихтарының ұзындығы олардың арасындағы аралықтан 3 есе артық үзік сызық) қарама-қарсы немесе жол-жөнекей бағыттардағы көлік ағынын бөлетін 1.1. немесе 1.11. таңбасына жақындау туралы ескертеді;
бір жолақтан ғана орын ауыстыруға рұқсат етілген жолдардың учаскелерінде қарама-қарсы немесе жол-жөнекей бағыттағы көлік ағындарын бөледі;
бір бағытта ғана жүруге рұқсат етілген тұрақ алаңдарынан және осындай жерлерде кері бұрылуға, кіруге және шығуға арналған жерлерді көрсетеді.
1.11 сызығын үзік жағынан, сондай-ақ тұтас жағынан да, бірақ тек басып озуды немесе айналып өтуді аяқтаған кезде ғана кесіп өтуге рұқсат етіледі.
(штрихтары қысқа және аралықтары оларға тең үзік сызық) - жол қиылысы шегіндегі жүру жолақтарының шекарасын білдіреді;
(жалпақ үзік сызық) - екпінді жүру немесе тоқтау жолағы мен жүру бөлігінің негізгі жолағы арасындағы шекараны білдіреді (көше қиылыстарында, әртүрлі деңгейдегі жолдардың қиылысында, автобус аялдамаларының аймағында және осы сияқтыларда);
реверстік реттеу жүзеге асырылатын жүру жолақтарының шекараларын білдіреді; реверстік реттеу жүзеге асырылатын жолдарда қарама-қарсы бағыттардың көлік лектерін бөледі (реверстік бағдаршамдар сөніп тұрғанда);
(тоқтау-сызығы) - жүргізуші 2.5. белгісі немесе бағдаршамның (реттеушінің) тыйым салатын сигналы кезінде тоқтайтын орынды көрсетеді;
жүргізуші қажет болғанда қиылысатын жолдың бойымен жүріп келе жатқан көлік құралдарына жол бере отырып, тоқтайтын орынды көрсетеді;
(«зебра» (ала)) - реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелін білдіреді.
1.14.2 таңбасының бағыттаушылары жаяу жүргіншілердің жүру бағытын көрсетеді;
жүріс бағдаршаммен реттелетін жаяу жүргіншілер өткелін білдіреді;
велосипед жолы жүру бөлігімен қиылысатын жерді білдіреді;
қарама-қарсы бағыттағы көлік ағындарын бөлетін жерлердегі бағыттаушы аралдарды білдіреді.
бір бағыттағы көлік ағындарын бөлетін жерлердегі бағыттаушы аралдарды білдіреді.
көлік ағындары араласатын жерлердегі бағыттаушы аралдарды білдіреді.
жол қиылысында жолақтар бойынша рұқсат етілген жүру бағыттарын көрсетеді. Дербес немесе 5.8.1., 5.8.2. белгілерімен қолданылады; тұйықтың суреті бар таңба жақын маңдағы жүру бөлігіне бұрылуға тыйым салынатынын көрсету үшін қойылады; сол жақтағы шеткі жолақтан солға бұрылуға рұқсат ететін таңба кері бұрылуға да рұқсат етеді;
жүру бөлігінің тарылуына (осы бағытта жүру жолақтарының саны азаятын учаскгеі немесе қарама-қарсы бағыттағы көлік ағындарын бөліп тұратын 1.1 немесе 1.11 таңбасының сызықтарына жақындағаны туралы ескертеді. Бірінші жағдайда 1.19 таңбасы 1.18.1 - 1.18.3 белгілерімен қоса қолданылуы мүмкін;
1.13 таңбасына жақындағаны туралы ескертеді;
(«ТОҚТА» деген жазу) - 2.5 белгісімен қоса қолданылатын кездегі 1.12. таңбасына жақындағаны туралы ескертеді;
жолдың (маршруттың) нөмірін көрсетеді;
маршруттық көлік құралдарына, басқа да қоғамдық көлікке және бұдан басқа М3 санатындығы көлік құралдарының арналған арнайы жолақты көрсетеді.